Қытай Сицзандағы жер сілкінісінен кейін жерсеріктер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жұмылдырды

329
Фотосурет: Синьхуа

Қытай елдің оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық ауданында болған магнитудасы 7,0 жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жерсеріктік байланысты, ғарыштан түсірілген суреттерді және ұшқышсыз авиацияны пайдаланып жатыр. Жергілікті биліктің соңғы мәліметінше, 16 адам қаза тауып, 76 адам зардап шекті. Жер сілкінісі 22 қазанда Бейжің уақытымен сағат 22:33-те Нагчу қалалық округіне қарасты Бачен уезінде болды.

Қытайдың аэроғарыштық ғылым және техника корпорациясы (CASC) құтқару қызметтері мен телекоммуникация операторлары үшін шұғыл жерсеріктік байланыс арналарын жедел іске қосты. Зардап шеккен ауданға қосымша жабдықтар жеткізіліп жатыр.

Жер сілкінісінің салдарын бағалау үшін Жерді қашықтан зондтайтын «Гаофэнь-4» жерсерігі мен басқа да ғарыш аппараттары жұмылдырылды. 23 қазанның таңына қарай мамандар жер сілкінісіне дейін түсірілген аумақтың төрт суретін және апаттан кейін түсірілген үш суретті алды. Бұл деректер қирау ауқымын бағалау және құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін пайдаланылуда.

Операцияға ұшқышсыз авиация да тартылды. Қытайдың авиация өнеркәсібі корпорациясының (AVIC) мәліметінше, Wing Loong ұшқышсыз ұшу аппараты әуеден барлау жүргізу, апат ауқымын бағалау және байланысты қамтамасыз ету үшін Шигадзе әуежайынан ұшып шықты. Қытай Халық азаттық армиясының Әскери-әуе күштері де зардап шеккен ауданға тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратын жіберді.

Орбитадан және әуеден алынған деректер құтқару қызметтеріне жағдайды бағалауға және көмек көрсетудің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -