Бейжіңде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (БХӨЖ) Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ли Хунчжун Еуропалық парламенттің халықаралық сауда комитетінің төрағасы Бернд Ланге бастаған делегациямен кездесті.
Тараптар Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылап, диалог жүргізу мен өзара тиімді шешімдер іздеудің маңыздылығын атап өтті.
Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі де болып табылатын Ли Хунчжун Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық қатынастар өзара толықтыру қағидатына және ортақ мүдделерге негізделгенін айтты.
Оның айтуынша, жан-жақты стратегиялық серіктестер саналатын Қытай мен Еуропалық одақ туындайтын мәселелерді тең құқықты диалог арқылы шеше алады.
Ол сондай-ақ БХӨЖ-нің Еуропалық парламентпен өзара іс-қимылды нығайтуға және Қытай мен Еуропа арасындағы қатынастардың тұрақты дамуына жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде Бернд Ланге Еуропалық парламенттің халықаралық сауда комитеті Қытай тарапымен байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Ол Еуропалық одақ пен Қытай арасындағы сауданың тұрақты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.