Бүкіл әлемге үлкен пандалардың негізгі қорегі ретінде белгілі бамбук пластикке балама ретінде қарастырылып жатқан табиғи материалдардың біріне айналып келеді.
Пластик бұйымдарды бамбуктан жасалған өнімдермен алмастыру бастамасы біртіндеп экологиялық үндеулер шеңберінен шығып, тұтынушылардың таңдауынан да көрініс табуда.
Қоршаған ортаны қорғауға көңіл бөлініп отырған қазіргі кезеңде бамбукты пайдалану экологиялық тұрғыдан қауіпсіздеу материалдарға көшудің және мұнай негізінде өндірілетін өнімдерге тәуелділікті азайтудың бір жолы ретінде қарастырылуда.
Табиғи қасиеттерінің арқасында бамбук өндіріс пен тұтынудың неғұрлым орнықты үлгісін қалыптастыруға ықпал ете алатын материал ретінде қызығушылық тудырып отыр.