Қытай «Шэньчжоу-24» басқарылатын ғарыш кемесі экипажының құрамын таныстырды. Алдағы ғарыш миссиясына екі қытайлық ғарышкер мен Пәкістан өкілі қатысады.
Халықаралық экипаж құрамына қытайлық ғарышкерлер Тан Хунбо мен У И, сондай-ақ пәкістандық ғарышкер Мұхаммад Зишан Али енді.
Ғарыш кемесінің командирі болып Тан Хунбо тағайындалды.
Пәкістандық ғарышкердің «Шэньчжоу-24» миссиясына қатысуы Қытай мен Пәкістан арасындағы адам басқаратын ғарыштық ұшулар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болмақ.