Финляндияда қазақстандық жауынгерлерді іздеу жұмыстары жалғасуда

5126
Photo by: Gov

Хельсинкиде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жадын сақтау бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов фин Соғыс құрбандарын еске алу қауымдастығының төрағасы Пертти Суоминенмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және жоғалған жауынгерлерді еске алуға құрметпен қараудың, кеңестік әскери тұтқындардың, оның ішінде Қазақстаннан келгендердің тағдырын зерделеу бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу, археологиялық және мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысатын қазақстандық қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

П. Суоминен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және жоғалған қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлерін іздеуде екіжақты өзара іс-қимылдың ұзақ және оң дәстүрлерін, зерттеушілердің мұрағат саласындағы белсенді жұмысын атап өтті. Ол сондай-ақ Қарағанды лагерінде тұтқында қаза тапқан фин әскери тұтқындарының қабірлеріне құрметпен қарағаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

DKNews International News Agency is registered with the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 10484-AA issued on January 20, 2010.

Theme
Autoreload
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025