Қазақстан мен ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын іске қосты

1892
Photo by: UKIMET

Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін нығайтуда жаңа кезеңін ашпақ.

Келісім сараптамалық қолдау мен тиімді экономикалық реформаларды әзірлеуге бағытталған серіктестікті бекітеді. Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы катализатор болмақ.

ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі директоры Андреас Шааль Қазақстанға бағдарламаны жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның әлемдік озық тәжірибелерді ілгерілетуге және Еуразия аймағында тұрақты экономикалық орта құруға ұмтылысын жоғары бағалаймыз» Андреас Шааль

Астана халықаралық форумының «Building Economic Resilience» панельдік сессиясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік басқару, цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу реформаларындағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Бұл жетістіктер халықаралық рейтингтердегі жоғары позициялармен расталып, Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретіндегі беделін нығайтады.

DKNews International News Agency is registered with the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 10484-AA issued on January 20, 2010.

Theme
Autoreload
МИА «DKnews.kz» © 2006 -