Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ынтымақтастық бағдарламасы аясында зияткерлік меншік саласындағы дөңгелек үстел өткізді

59510

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде зияткерлік меншік саласында бейнеконференцбайланыс форматында «Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының авторлары мен өзге де құқық иеленушілерінің мүліктік құқықтарын басқару мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы ұжымдық басқару жүйесі бойынша тәжірибе алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -