Қазақстан Елшісі ХАҚҚ Атқарушы комитетінің төрағасымен кездесті

1114

2022 жылғы 20 мамырда Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің төрағасы Сұлтан Рахимзодамен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында тараптар Арал теңізі бассейніндегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірлескен іс-қимыл шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

С.Рахимзода Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің қазіргі қызметі мен жоспарлары және Қордың ұйымдық құрылымы мен нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан делегациясының 2022 жылғы 6 маусымда Душанбеде өтетін «Тұрақты дамуға арналған су, 2018-2028 жж.» (2022 ж. 6-9 маусым, Душанбе қ.) халықаралық онжылдық іс-қимыл бойынша жоғары деңгейдегі екінші халықаралық конференция шеңберінде өткізілетін «Өңірлік ынтымақтастыққа арналған су» Орталық Азия форумына қатысу мәселелерін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -