ЕАЭО-да тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді

496
Фотосурет: pxhere.com

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы бес елдің министрлері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл Бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Құжатты өткен жылдың көктемінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанынан құрылған және оған мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдары мен қоғамдық бірлестіктерінің және комиссияның өкілдері кірген арнайы жұмыс тобы дайындады.

Құжатта халықаралық құқық нормаларын ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясаттың негізгі бағыттарын дамыту мен іске асыруға және мүше мемлекеттердің қоғамдық бірлестіктері мен тұтынушылар ұйымдарының қатысуымен трансшекаралық дауларды шешуді қоса алғанда, тұтынушыларды кешенді құқықтық қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешені көзделген.

Бағдарламаның міндеттеріне тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға және ұтымды және тұрақты тұтыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу де кіреді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -