Балаларды қорқытудан қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру

1309

Қазақстан СІМ жанындағы “Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында” азаптауларға қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мен балаларды буллингтен қорғау тақырыптарын талқылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының (ККО АӨДА) кезекті отырысында БҰҰ Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық мәселелері қаралды.

Іс-шара ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен өтті. Өзінің кіріспе сөзінде ол азаптауларға қарсы іс-қимыл тақырыбы қоғам үшін өткір және толқытатын болып қала беретінін, ал диалог алаңының бүгінгі отырысы мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы ағымдағы позицияны анықтаудың жақсы мүмкіндігі болып табылатынын атап өтті.

Осы мәселе бойынша мемлекеттік органдар тарапынан ҚР ІІМ өкілі баяндама жасады, ол азаптауларға қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру және ведомствоның реформалары жөніндегі жұмысын жан-жақты түсіндірді. Азаматтық сектор тарапынан нақты ұсыныстар «Қадыр-қасиет» ҚБ, АҚмЗСЖҚХБ, Қазақстанның ҮЕҰ азаптауларға қарсы коалициясы, «Адам құқықтары үшін Хартия» ҚҚ және «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының өкілдерімен айтылды. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе балаларды азаптаудан абсолютті бостандықтың бір бөлігі ретінде буллингтен қорғау мәселелерін талқылау болды. Осы тармақ шеңберінде «Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ баяндамасы және «Қадыр-қасиет» ҚБ ұсыныстары ұсынылды, олар кездесуге қатысушылардың жаңашылдығы мен заманауи тұрғылары үшін жоғары бағаланды. 

Ашық және өнімді сипаттағы талқылау шеңберінде, қатысушылар талқыланған салаларда реформаларды іске асырудың нақты ұсыныстары мен әдістерінің көп санын ұсынды. 

Іс-шара соңында Ү. Сүлеймен қатысушыларға алғысын білдіріп, биліктің барлық тармақтарының азаматтық сектормен бірге еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайту үшін белсенді бірлескен жұмысын жалғастыруға шақырды.

Отырысқа дәстүрлі түрде ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, адам құқықтарын қорғау саласында белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай – ақ алаң қонақтары-БҰҰ Даму Бағдарламасы, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ, Нұр-Сұлтандағы АҚШ пен Канада елшіліктері және ЮСАИД өкілдері қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -