Ақтаудағы запас офицерлері флоттың байланыс және навигация жүйелерін меңгерді

1749
Фотосурет: Gov

Ақтау гарнизонында запастағы офицерлер қарқынды дайындықтан өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері тарихында алғаш рет запастағы офицерлер қатысқан оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Ақтау гарнизонында өткен бұл шараға Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерлік университетінің әскери-теңіз кафедрасын бітірген 30 әскери міндетті қатысты. Олардың арасында кеме штурмандық қызметі, радиотехникалық байланыс жабдықтарын пайдалану мен жөндеу, дизельдік энергетикалық жүйелер бойынша мамандар бар.

Бір ай ішінде офицерлер теориялық сабақтар мен кең практикалық бөлімді қамтитын қарқынды дайындықтан өтті.

Жаттығу тәжірибелі флагмандық мамандар мен жауынгерлік бөлім командирлерінің қатысуымен тікелей әскери кемелерде жүргізілді. Негізгі назар штурмандық дайындыққа, зымыран-артиллерия мен теңіз суасты қару-жарағын, байланыс құралдарын және автоматтандырылған басқару жүйелерін игеруге аударылды.

"Жиын шеңберінде офицерлер Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз туы көтерілуінің 29 жылдығына орайластырылған оқу-жаттығуларға және кемелердің салтанатты шеруіне қатысты"  2-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров

Жиын аяқталғаннан кейін өткен салтанатты митингте Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының атынан запастағы әскери міндеттілерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, екі офицер Әскери-теңіз күштері құрамында қызметін жалғастыруға ниет білдірді. Бұл оқу-жаттығу резервке деген сенімді нығайтып, елдің теңіз шекарасын қорғауда резервтегі офицерлердің дайындығын жаңа деңгейге көтеру бағытындағы маңызды қадам болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -