Азия елдері орта және шағын бизнесті цифрландыру мәселесін талқылады

1422

Қазақстан астанасында жетінші АӨСШК бизнес-форумы өтуде. Форумда көрсетілген бизнеске арналған тиімді платформалардың бірі - ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталық» АҚ жасап шығарған «Qoldau.kz» қазақстандық жобасы, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

2016 жылы НҚК мен  электрондық астық қолхатын цифрландырудан бастап іске қосылған Qoldau  – бүгінде еліміздің ірі аграрлық платформасына айналған.

Мұнда 257 мың қолданушы, ауылшаруашылық жерлерін мониторингілеу және субсидиялаудан бастап сауда алаңына дейін қамтитын отызға жуық бизнеске арналған сервис тіркелген. Qoldau платформасында, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен серіктестікте жасалған қазақстандық бизнесті қолдауға арналған сервистер де бар.

«Платформаның іске қосылуы және электронды астық қолхатын енгізу бұл саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, алаяқтықты барынша тыйды. Сервис жұмыс істегелі астық қолхаттарына қатысты 1,7 миллион операция орындалған. Жүйедегі жылсайынғы астық айналымы құны 3 миллиард долларға тең 20 миллион тоннадан астам астық», - деп баяндады платформаны таныстырған «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанасыл ОСПАНОВ.

Айта кету керек, платформаны жасау және қызмет көрсетуіне бюджеттің бір теңгесі де жұмсалған жоқ. Барлық шығын платформа сервистерін қолданушылардың есебінен төленеді.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) – бұл отыз жылдық тарихы бар халықаралық ірі алаңдардың бірі. Биылғы жылғы бизнес-форумның тақырыбы – «АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің орта және шағын бизнестегі бизнес-үдерістерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастығының перспективалары».

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -