Мәскеуде Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті

1338

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шара барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Атап айтқанда, екі ел арасында дәстүрлі сенімді саяси диалог орнағаны, екіжақты көпжоспарлы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі қалыптасқаны атап өтілді.

Сонымен қатар, мемлекет және үкімет басшыларының, сондай-ақ сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шараларға, Орынборда ү.ж. қарашада өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына және басқа да жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларға дайындық барысы қаралды. Кездесу барысында екі елдің ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимылының перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Тараптар келесі жылы Қазақстан астанасында кезекті сімаралық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -