Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен Беларусь стратегиялық зерттеулер институтында (БИСИ) Қазақстан-Беларусь дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Дөңгелек үстелге Беларусь Республикасы Кеңесінің және Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының депутаттары, саяси партиялардың жетекшілері, қоғамдық және ғылыми топтардың өкілдері, Беларусь Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, саясаттанушылар мен талдау орталықтардың сарапшылары қатысты.
Басқосуда қатысушылар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жай-күйіне талдау жасап, баға берді, алдағы кезеңге арналған Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев өз сөзінде осы кезең ішінде Қазақстан мен Беларусь екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін, ал елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне – стратегиялық серіктестікке көтерілгенін атап өтті.
Қазақстан Елшісі қатысушыларды Қазақстан-Беларусь қатынастардың қазіргі жай-күйі мен ынтымақтастық перспективалары туралы хабардар етті.
2021 жылы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1 миллиард АҚШ долл. жетіп, 32%-ға өсті. 2021 жылғы статистикалық деректерге сәйкес Қазақстаннан Беларуське экспорт 82%-ға артып, 181 млн АҚШ долл. құрады.
«Бұл маңызды жұмыс – сауда теңгерімсіздігін теңестіруге бағытталған алғашқы қадамдар. Сонымен бірге сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және оның серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту, Қазақстан мен Беларусьтің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет» Асқар Бейсенбаев
А.Бейсенбаев өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған қайта құрулар мен реформаларға ерекше назар аударды.
«Саяси жаңғыруды кезең-кезеңімен жүргізу – мемлекетіміздің стратегиялық бағытының басты міндеттерінің бірі. Мемлекеттілікті дәйекті түрде нығайту үшін ерекшелігімізді ескере отырып, барлық қайта құрулар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бұл – күшті, әділетті, озық мемлекет құрудың бірден-бір шынайы жолы. Біздің азаматтар да бұл көзқарасты толық қолдап отыр» Асқар Бейсенбаев
Дөңгелек үстелге жиналғандар ел Конституциясына сәйкес 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы да хабардар болды.
«Бұл сайлаулар бүкіл саяси жүйені түбегейлі қалпына келтіруге әкелетін сайлау циклін бастайды. Бұл біздің елімізге тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге одан әрі назар аударуға мүмкіндік береді» Асқар Бейсенбаев
Сөзінің соңында Қазақстан-Беларусь қатынастардың 30 жылдығын қорытындылай келе, А.Бейсенбаев ортақ тарихи жады, ұлттық бірлік, жоғары деңгейдегі сындарлы диалог, екі елдің өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілігі, елдеріміз үшін ТМД, ЕАЭО және ҰҚШҰ сияқты маңызды халықаралық өңірлік ұйымдардағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар және жай ғана халық дипломатиясы Қазақстан мен Беларусь арасындағы достастықты одан әрі нығайтудың берік негізі болып табылатынын айтты.
Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының депутаты, Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Светлана Любецкая «Қазақстан мен Беларусь басшылығы айқындаған, қол жеткізудің ұқсас тәсілдерін айқындайтын басымдықтарға: бұл ұлттық қауіпсіздік, экономикалық өркендеу мен нығайту, әлеуметтік әділеттілікке» тоқталды.
«Бүгін Қазақстан Беларусьтің маңызды серіктесі болып табылады. Біз жоғары және аса жоғары деңгейде диалог орнаттық, парламентаралық байланыстар табысты жұмыс істеуде. Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық халықаралық алаңдарда, оның ішінде ТМД ПАА, ҰҚШҰ, бұған қоса қазір ШЫҰ аясында жүзеге асырылуда және ол дәйекті, конструктивті сипатқа ие» Светлана Любецкая
Сондай-ақ ол сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени саладағы байланыстардың ерекше сипатын, сондай-ақ «серіктестікті кеңейту мен тереңдетуге бағытталған елдердің өзара бейімділігін» атап өтті.
«Беларусь пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуда өте жақсы динамика байқалады. Біз (Беларусь) Азияға шығатын қақпа парадигмасы бойынша әрекет етеміз және сыртқы саясатта Азияны басымдықтардың бірі ретінде қарастырамыз. Егер Қазақстан Азияға кіретін бастапқы нүкте болмаса да, экономикалық, мәдени коммуникациясы бар негізгі серіктес болып табылады, сондықтан бұл өзекті. Олег Макаров, БИСИ директоры
Біз егемендік, елдің дамуы, күшті президенттік билік, конституциялық реформалар (бізде заң шығару барысында ұқсас процестер кездесіп тұрады), экономиканы дамыту және өз мүдделерімізді қорғау мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдар мен көзқарастарды ұстанамыз.
«Халықаралық аренада Қазақстанның бүгінгі ұстанымы өте жарқын. Ол бізге қызықты» Олег Макаров
Сондай-ақ ол Беларусь пен Қазақстан тек екіжақты форматта ғана емес, өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясында да белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырып келетінін атап өтті.
«Біз қазір ШЫҰ-ға қызығушылық танытып отырмыз және бұл тақырып біз үшін қызықты. Сондай - ақ ҰҚШҰ, ТМД, бір-бірімізге пайдалы бола алатын өңірлік ұйымдар» Олег Макаров
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Беларусь саяси топтардың өкілдері мен сарапшылары Қазақстанда саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.