Қазақстан бойынша 2025 жылғы 05 шілдедегі дауылды ескерту
Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық және құрғақ ауа райы күтілуде. Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің күшеюі күтілуде, онтүстікте - дауыл болады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер ыстық, өрт қауіптілігі және басқа да қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертеді.
Астана қ.: 05 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 5 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 05-07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, орталығында, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда катты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Атырау облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.