«Қазығұрт» өткізу пункті 6 қазаннан бастап 7 қазанға дейін жабық болады

1638
Фотосурет: © Sputnik / Samvel Sepetchyan

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 6 қазан сағат 09:00-ден 2022 жылғы 7 қазан сағат 09:00-ге дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және
«С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын «Узтрансгаз» Акционерлік қоғамының жүргізуіне байланысты азаматтар мен автокөлік құралдарын өтуі үшін жабық болатынын хабарлайды.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -