Қазақстан-Катар: инвестициялық ынтымақтастықты дамыту

2562

Астанада Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Астанада Қазақстан-Катар инвестициялық форумы өтті. Биыл жоғары деңгейде өткен шараға екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысты, делегаттардың жалпы саны 200-ден астам адамды құрады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Казахстан-Катар: наращивание инвестиционного сотрудничества

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан Үкіметі елдің инвестициялық тартымдылық деңгейін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, ESG талаптарын күшейту, жаһандық энергетикалық және технологиялық ауысу жағдайында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса назар аудара отырып, Қазақстанның жаңа инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қою инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.

Бірінші пленарлық отырыстың жұмысын «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ернар Жанаділ ашып, сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Катар экономикасы Таяу Шығыстағы және әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі, сонымен қатар Катар Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады.

Катардағы инвестициялық мүмкіндіктерді Hassad Food, Qatar Mining, Estithmar Holding, Baladna, SNOONU, Metito Qatar және т.б. сияқты ірі компаниялар ұсынды.

Hassad Food компаниясының бас директоры Мохаммед Аль-Сада өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығына тоқталып, компания әлемнің 6 елінде жобаларды сәтті жүзеге асырып жатқанын атап өтті және бұл тәжірибені елдер арасындағы сауда қатынастары мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалануға дайын екенін білдірді.

Estithmar Holding бас директоры Хенрик Халагер Кристиансен конгломератқа 5 бағытта жұмыс істейтін 45 компания кіретінін атап өтті. Олар Қазақстанда туризм және денсаулық сақтау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Әлемнің 35 елінде өкілдіктері бар Metito Qatar компаниясының аймақтық директоры Вигнеш Йер компанияның Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жобаларды жүзеге асыру мәселесін зерделей бастағанын атап өтті. Олардың Қазақстанның басқа аймақтарында да өз қызметін кеңейтуге ниеті бар. Сонымен, форум аясында катарлық компания Жамбыл облысында жобаны жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды.

Сапар барысында катарлық делегация ірі катарлық компаниялар мен қазақстандық мемлекеттік және жеке сектор арасында іскерлік кездесулер өткізді.

Инвестициялық форум аясында жалпы сомасы 625 миллион доллардан асатын 13 екіжақты құжатқа қол қою рәсімі өтті. 

Қол қойылған құжаттар тізімі:

  1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Hassad Food агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумы
  2. «Динара Групп» Агрохолдингі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Баладна» АҚ арасындағы сүт фермасы жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
  3. «Алел Агро» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Баладна» АҚ құс фабрикасы жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
  4. «NGC» Тау-Кен» АҚ мен «Qatar Mining» қол қойған тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  5. KIDF пен «Estithmar Holding» туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;
  6. KIDF пен Estithmar Holding арасындағы МЖӘ жобалары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  7. «Estithmar Holding» компаниясымен қол қойылған KAZAKH TOURISM туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  8. Жамбыл облысының әкімдігі мен Metito Qatar арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
  9. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Катар ұлттық кәсіпорны қол қойды;
  10. «KazakhAgroExport» ЖШС мен «QazTrade» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;
  11. Ынтымақтастық туралы меморандумға Parqour CHK және QazTrade АҚ қол қойды;
  12. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті және Катар университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  13. «Cynosure» ЖШС, KIFD және Estithmar Holding арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -