Қазақстандық екі университет Азиядағы үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына кірді

884

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек QS Quacquarelli Symonds президенті Нунцио Кваквареллимен кездесті. Жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары да қатысты. Олар қазақстандық университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен кездесуде QS Quacquarelli Symonds негізін қалаушы Нунцио Квакварелли тұсаукесер өткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Азия университеттері рейтингінің жаңа шығарылымында үздік нәтижелер көрсетті.

Екі қазақстандық жоғары оқу орны Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 44-орынды иеленіп, үздік азиялық жоғары оқу орындарының топ-50 тізіміне енді. Ал, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 96-орынға орналасты. Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда рейтингте көш ілгері. Үздік азиялық жоғары оқу орындарының тізбесінде еліміздің 32 университеті бар.

Орталық Азияның үздік үштігіне де қазақстандық жоғары оқу орындары енген. Олар халықаралық индикаторлар бойынша ең жоғары орындарда тұр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия өңіріндегі жұмыс берушілер арасында академиялық беделдің ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Үздік үштікке Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University кірді.

«Еліміздегі жоғары білім саласы халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көріп отырмыз.  Әлемдік рейтингтерде алға жылжу – қазақстандық білім беру сапасы мен университеттердің мәртебесін жақсартудың көрнекі дәлелі. Бұл біздің жоғары оқу орындарының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді» Саясат Нұрбек

Министр Саясат Нұрбек шетелдік мейманға елімізге сапары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық жоғары оқу орындары QS рейтингінде жаңа шыңдарға жету үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -