АХҚО Tech Hub «Шекарасыз финтех. Цифрлық Еуразия» Халықаралық ПЛАС-форумында «Beyond the Core. Қазақстандық телекомдағы экожүйелер» панельдік сессиясын өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«ПЛАС-форум аясында біз ағымдағы жылдың инновациялар саласындағы ең белсенді бағыты - телеком секторына арналған Корпоративтік инновациялар нарығын жыл сайынғы талдаудың алдын ала нәтижелерін шығардық. Зерттеуге қатысушылар телекоммуникациядағы экожүйелік бағыттардың, әсіресе киберқауіпсіздік, Big Data, IoT, cloud технологиялар, финтех және e-commerce сияқты бағыттардың дамуында үлкен мүмкіншіліктерді көріп отыр. Әріптестерімізге талқылау ұйымдастырып, зерттеу туралы әңгімелеу мүмкіндігі үшін ПЛАС-форумға алғыс айтамын» Бекжан Мұтанов, АХҚО Tech Hub төрағасының орынбасары
«Зерттеу де, ПЛАС-форум аясындағы панельдік сессия да Қазақстанның бүгінгі телеком-секторының өзекті тақырыптарын қозғады. Атап айтқанда, Телеком-операторлардың өнімдері мен қызметтерін әртараптандыру тақырыптары, компаниялармен және стартап-командалармен ынтымақтастық мүмкіндіктері. Телеком-сектор дәстүрлі түрде нарықта инновацияларды қолданудың қозғаушы күші болып табылады және 5G инвестицияларымен бұл үрдіс тек күшейе түседі» Константин Аушев, KPMG серіктесі және технологиялық тәжірибе жетекшісі
Өз сөзінде АХҚО Tech Hub корпоративтік инновациялар жөніндегі басшысы Асель Абдрахманова Huawei, Beeline Kazakhstan, KPMG және IDC бірлесіп дайындаған Corpup Telecom 2022 зерттеудің алдын ала қорытындыларын таныстырды (зерттеудің шығуы 2022 жылдың соңы-2023 жылдың басына жоспарланған).
Сала мамандары телеком-экожүйелерді дөңгелек үстел форматында талқылады. Сессияның модераторы АХҚО Tech Hub корпоративтік инновациялар жөніндегі сарапшысы Макен Ибрагимов болды.
KPMG серіктесі және технологиялық тәжірибе жетекшісі Константин Аушев дәстүрлі телекоммуникациялық қызметтерді монетизациялау және экожүйелерді құру үшін стартаптармен серіктестіктің артықшылықтары туралы айтып берді.
Владислав Сидевич, IDC-дегі ТМД аймағы бойынша консалтинг жөніндегі аға директоры, дәстүрлі емес телекоммуникациялық қызметтерді дамытудың маңыздылығы туралы айтып, телекомдағы ашық инновациялар туралы пікірімен бөлісті.
Tele2/Altel мобильді қаржылар басшысы Бекарыс Нұрымбетов ұялы байланыс оператор тұрғысынан экожүйе дегеніміз не екенің және Tele2/Altel цифрлық трансформация стратегиясы туралы айтып берді.
Kcell мобильді қаржылар сервистерінің басшысы Сергей Коптик телекомдағы мобильді қаржылар сервистерінің рөлі және операторлардың финтех өнімдерін дамытудағы реттеудің маңыздылығы туралы түсініктерімен бөлісті.
ForteBank Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Сәрсебеков Банктің ForteMobile цифрлық операторын не үшін іске қосқанын және бұл ForteBank экожүйесіне қалай әсер еткенін айтты.
Huawei IT шешімдерінің техникалық директоры Никита Орешкин үлкен деректер мен cloud қызметтер сияқты дәстүрлі емес B2B өнімдерінің ерекшеліктері туралы айтты және телекоммуникация операторларында non-core қызметтерін ілгерілетудегі 5G рөлі туралы пікірімен бөлісті.
Іс-шараның іскерлік бағдарламасы келесі тақырыптар бойынша сессиялар мен семинарларды қамтыды: төлем индустриясындағы басымдықтардың өзгеруі, банктік бизнесті трансформациялау, эквайрингтің жаңа бизнес модельдері, экожүйе экономикасы, банктік бөлшек саудадағы үздік тәжірибелер және тағы басқалар.
Сессия материалдары сілтеме бойынша қол жетімді.