Астана мұнай газ саласында 10 млрд теңгеге келісімшарттарға қол қою алаңына айналды

2431
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 24–25 сәуір аралығында Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Форум аясында «Мұнай-газ машина жасау» тақырыбында секциялық отырыс өткізілді. Отырысқа ҚР Энергетика вице-министрі Қайрат Арымбек, Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, Мұнай-газ машина жасауды дамыту халықаралық орталығы, ірі мұнай-газ жобаларының операторлары және 50-ден астам отандық тауар өндірушілер қатысты.

Секция отырысы барысында вице-министр Қайрат Арымбек мұнай-газ машина жасаудың ел экономикасын орнықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, ірі мұнай-газ жобалары аясында ішкі нарықтағы құндылықты дамыту жүйесін құру бойынша Энергетика министрлігі атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, саланы одан әрі дамыту үшін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті үлесті ұлғайту, жаңа өндірістерді ашу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, озық технологияларды енгізу және мұнай-газ саласына қажетті жоғары сұранысқа ие өнімдерді жергіліктендіру қажеттігін атап өтті.

Отандық мұнай-газ машина жасау саласын дамыту – ел экономикасын әртараптандырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл өз кезегінде елдегі мұнай-газ жобаларын іске асыру үшін қажетті технологиялар мен жабдықтарға деген импортқа тәуелділікті азайтып, инвестиция тартуға, технология трансферіне және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Форум аясында ірі мұнай-газ жобаларының операторлары – «Теңізшевройл» ЖШС, North Caspian Operating Company N.V. және бірқатар отандық тауар өндірушілер арасында мұнай-газ жабдықтарын жеткізуге арналған жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын ұзақмерзімді келісімшарттарға қол қойылды. Бұл қадам ірі жобалар операторлары мен қазақстандық өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жергілікті қамтуды арттыруға және ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған кезекті маңызды бастама болды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -