Биология мұражайына саяхат

1364

ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шетелдерден – Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Ресей, Иран, Өзбекстан елдерінен келген жастарымызды аталған кафедраға тыңдаушы ретінде оқуға қабылдады. Осы оқу жылында 22 топ құрылып, әр топта 10 тыңдаушы білім алуда.

Қазір биология және химия пәндерімен байланысты мамандық таңдаған бірнеше топ аталған пәндер бойынша білім алуда. Олар болашақта медицина, биология, биотехнология, генетика, экология, ауыл шаруашылығы, спорт, т.б. салалардың мықты маман иесі болуды көздеген жастар. Білім алушылардың биология ғылымына қызығушылығы айтарлықтай жоғары, бәрін білгісі, көргісі, оқығысы келеді.

Осыған байланысты таяуда білім алушылар кафедрамыздағы «Жас биолог» үйірмесінің жетекшілігімен биология факультетінде орналасқан ғылыми мұражайға саяхат жасады. Олар көптеген мәліметтерге қанығып, сұрақтарына жауап алды. Мұражайдың бай экспонаттарымен танысты, оның ішінде тірі организмдердің тіршілік ету аймақтарымен презентациялау бойынша көріп, мол ақпаратқа қанықты. Сонымен қатар Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы да білімдерін толықтырды. Қазақстанның қорықтары, оның табиғаты мен қорғалатын фауна-флорасымен танысып, олардың фотосуреттерін тамашалады. Жер бетінен жойылып кеткен Тұран жолбарысының тұлыбын көрді. Керқұлан, қасқыр популяциясы, бұлан т.б. жануарлармен жақын танысты.

Одан кейін білім алушыларды биология факультетінің қысқаша тарихымен таныстыра отырып, факультеттің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы жайында мәлімет берілді. Саяхат соңында тыңдаушылар мұражайдың жеке альбомына тілек жазып, қолтаңба қалдырды.

«Алдымызда әлі білім алу жолында талай белес, асу бар, оны меңгеру міндетіміз» Деп тұжырымдады саяхат-сабақтан жігер алған тыңдармандар

Айнагүл ҮСЕНБЕКОВА, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -