Оджал Огуз: ҚазҰУ-ға қашанда құшағым ашық

1200

Оджал Огуз – Түркияның ЮНЕСКО-дағы ұлттық комиссиясының төрағасы, ТҮРКСОЙ ұлттық комиссиясының төрағасы, «Милли фольклор» (Web of science, Scopus) журналының бас редакторы, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетіне шақырылған профессор.

Екі білім ошағының ортақ жұмыстары тың ойларға жол ашып, жаңа бастамаларға түрткі болары даусыз. Қазіргі кезде аса өзекті жайттардың бірі – түркі халықтарының тілі мен ділі, олардың тілдік ерекшелігі мен бірігу мәселесі. Осы бағытта аз да болса өз үлесімді қоссам деген оймен бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұйымы халықтардың мәдени құндылықтарын зерттеу және насихаттау бағытында ілкімді жұмыс жасауға барымызды салудамыз. Түркі халықтарының жаһандану заманындағы ең үлкен міндеті – ынтымақтастық. Міне, осы мақсатта ҚазҰУ-мен бірлесіп атқарған жұмысымыз бүгінде өз жемісін беруде. Оджал Огуз

Сондай-ақ ол 1989 жылдан бастап жариялана бастаған және 12 халықаралық индекстер, әсіресе WOS AHCI және SCOPUS бойынша тіркелген «Ұлттық фольклор» журналының 34 жылдан бергі редакторы.

2003-2022 жылдар аралығында Гази университетінің және Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің түркі фольклорын зерттеу және қолдану орталығының негізін қалаушы-директоры, Гази университеті мен Анкара университетінің ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны ресми және бейресми білім беру жөніндегі негізін қалаушысы. 2012-2022 жылдар аралығында ЮНЕСКО-да аккредиттелген үкіметтік емес ұйым – материалдық емес мәдени мұра қауымдастығының негізін қалаушы-президенті болды.

Өзінің академиялық зерттеулерін фольклорлық институттарға, қолданбалы фольклорға, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра зерттеулеріне шоғырландырған Оджал Огуздың 70 кітабы, 100 мақаласы және 50 ғылыми мақаласы жарық көрді. Солардың ішінде Түркі халықтары әдебиеті анықтамалығы университеттерде оқулық ретінде кеңінен қолданылады. Анкара университетіне дейін Гази, Хаджеттепе, Ахмет Ясауи, Тунис Докуз Нисан, Тунис Картаджа, TOBB ETÜ, Билкент және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да профессорлық-оқытушылық қызмет атқарған, білім беру саласында дәрістер оқып, тезистерге жетекшілік еткен.

Түркияда мәдени мұра бойынша көптеген мұражайлар, институттар мен орталықтардың құрылуына қатысып әрі кеңесші ретінде өз үлесін қосқан Оджал Огуз кейінгі жылдары Гази университеті мен Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университеті құрамындағы материалдық емес мәдени мұраға арналған екі мұражайдың негізін қалаған. Сонымен қатар ұстаз Хаджеттепе университетінің түркі фольклортану клубы, Гази университетінің түркі фольклортану қоғамы, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің түркі фольклортану қолданбалы және зерттеу орталығы, аталмыш орталықтағы түркі фольклортану бөлімі, магистратура және докторантура бағдарламасының жоғары оқу орнынан кейінгі институты, Анкара материалдық емес мәдени мұра мұражайы және мәдени мұра қауымдастығы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ресми және бейресми білім беру саласындағы мәдени мұра кафедрасының т.б. ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде өз ықпалын молынан тигізді.

Профессор 2018 жылы Парижде ЮНЕСКО ұйымдастырған қатысушы мемлекеттердің VІІ Бас ассамблеясы аясында өткен «Білім сапасы және материалдық емес мәдени мұра» атты жиынға шақырылған баяндамашы ретінде қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар 2017 жылдан бері ұйымдастырылған және ЮНЕСКО-ның формалды және бейресми білім берудегі бейматериалдық мәдени мұра кафедрасының қолдауымен өткен «Материалдық емес мәдени мұраның қысқы мектебі» Оджал Огуздың басқаруымен ұйымдастырылған. Профессор Ұлттық білім министрлігі ұйымдастырған шетелде жұмысқа бейімделу семинарлары аясында 10 мыңнан астам мұғалімге материалдық емес мәдени мұра туралы семинарлар өткізген.

Профессор университеттік білімі бар және ресми, бейресми білім беру арқылы студенттерге әрі қоғамға жеткізуші – Ұлттық білім министрлігіне қарасты орта оқу орындарында оқытылатын «Халық мәдениеті» курсы бағдарламашыларының қатарында.

Профессор, доктор Оджал Огуз Түркияда негізін қалаған және бастаушы болған материалдық емес мәдени мұра тақырыбындағы мұражайларда мектеп жасындағы балалардың мәдени тәрбиесіне баса назар аударды. Бұл мұражайларда мыңдаған студент мәдени мұралармен танысты. Ол Ұлттық білім министрлігі мен ЮНЕСКО түрік ұлттық комиссиясы бірлесіп жүзеге асырған ертегі айту дәстүрін ұстаздар мен студенттерге жеткізуді көздейтін жобаға кеңес берді. Бұл жоба көптеген студентке Анадолы ертегілерімен танысуға мүмкіндік сыйлады. Сол сияқты тағы бір жобаны қолға алып, мектеп жасындағы балаларға дәстүрлі ойындармен, ойыншықтармен және спорт түрлерімен айналысуға шақырып, ұсыныс білдірді.

2016 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да докторанттарға дәріс беріп, оқыта бастадым. Аталмыш зерттеу-жобаларымды әлі де жалғастыру үстіндемін. ҚазҰУ-дың бірлігі жарасқан оқытушылық құрамы, білікті мамандары, ынталы студенттері және тұрақты даму үдерісі бар. Мұндағы студенттер мен оқытушылардың халықаралық тәжірибеге деген талпынысы мен құштарлығы кім-кімді де жай қалдырмасы анық. Бұл университеттің студенттері мен оқытушылары SCOPUS-те мақалалар жариялағаны секілді, мен басқаратын «Милли фольклор» журналына да ұсына алады. ҚазҰУ-дың маған есігі айқара ашық болғаны іспетті, менің де ҚазҰУ-ға қашанда құшағым ашық. Аталмыш оқу ордасында атқарған қызметім үшін бек қуаныштымын. Деп сөзін қорытындылады профессор

Нұрбек НҰРЖАНҰЛЫ

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -