Ақтөбелік өндірушілер Қытай нарығына шығуға ниетті

16313

Көрші елге азық-түлік өнімдерін жеткізу Қазақстан-Қытай саудасының жаңа өсу нүктесі болады. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері бұған сенімді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Молочные истории-А» ЖШС директоры Асылгүл Ілиясова Қытай нарығымен жұмыс тәжірибесін бөлісті.

«Әзірге біз Ақтөбе облысынан Қытайға дайын азық-түлік өнмідерін жеткізіп отырған жалғыз компаниямыз деп айта аламын. Көрші елге «Тандем» сауда маркасымен өнім жөнелтеміз. Қытай тарапымен ресми келісімшарт 2022 жылы жасалды. Пандемия салдарынан алғашқы партия 2022 жылы ғана жеткізілді. Қазір жеткізуді үлкен көлемде іске асыратын боламыз. Өйткені біз қалай жұмыс істеу керегін, қандай құжат талап етілетінін жақсы білеміз. Қытай тарапынан талаптар – сапалы өнім, құжаттардың толық пакеті сұралса, біздің талап – 100 пайыз алды ала төлем, біз олардың импорттаушы екенімізді растайтын құжаттардың толық пакеті» Асылгүл Ілиясова

Сонымен қатар, қытайлық серіктестер Қытайға макарон өнімдері, бұқтырылған ет, шұжық импорттауға үлкен қызығушылық танытып отыр. Осы бағыттағы мәселелерді талқылауға «Айбек ӘКК» ЖШС, «Ново-Альжан мелькомбинат» ЖШС, «Рамазан» ЖШС компанияларының өкілдері қатысты.

Жиынға ZOOM режимінде қосылған «Қорғас» ХШЫО аумағындағы кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Гүлмира Сакиева аспан асты елінің нарығына шығуға көмектесуге дайын екенін айтты. Талқылау алаңын Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы ұсынды.

«Осындай маңызды жиын Ақтөбе облысынң кәсіпкерлер палатасы алаңында өтіп жатқаны қуантады. Қытайда біздің отандық өнімге қызығушылық танытқан әлеуетті серіктестеріміз бар. Қазіргі кезде біз көрші елге өнім ипорттай алатын өндірушілерді іздеп жатырмыз» Гүлмира Сакиева

 ҚХР нарығы перспективалы және төлемге қабілетті, қажеттіліктері үлкен көлемде екені мәлім. Сондай-ақ, жиында еліміз Қытай үшін ғана емес, бүкіл Еуразия континенті үшін үлкен азық-түлік хабына айналуы мүмкін екені айтылды.

Палата өз тарапынан болашақ экспорттаушылардың тиісті рұқсат құжаттарын алуына жәрдемдесуге, сондай-ақ ҚХР-дағы әлеуетті әріптестерімен келіссөздер жүргізу үшін алаң ұйымдастыруға дайын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -