Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті

1414

Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға  алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатқанына тоқталып, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесіне назар аударды.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев   БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Президенттің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға сапар шегу зор мәртебе екенін айтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -