Қазақстан Елшісі Ванкувердегі қазақ диаспорасымен кездесті

1363

Қазақстанның Канадағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Британдық Колумбия провинциясында тұратын қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қорытындылары жəне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды реформаларын іске асыру, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау жəне мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері болды. Ү.ж. 19 наурызда Елшілік жанынан № 279 сайлау учаскесі ашылатыны атап өтілді, онда кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беруге ниет білдірген қазақстандықтар өздерінің азаматтық борышын орындай алатынын айтылды.

Өз сөзінде А. Камалдинов қатысушыларды мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың қорытындылары және Әділетті Қазақстанды құруға, әрбір азаматтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың негізгі басымдықтары туралы хабардар етті.

Қазақ диаспорасы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды қолдап, қазақстандықтардың əл-ауқатын арттыруға жəне халықаралық аренада еліміздің беделін нығайтуға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -