Қазақстандық мамандар шетелдік калибрлеу зертханасын қайта аккредиттеуден өткізді

18612
Фотосурет: Depositphotos

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығына Баку қаласының (Әзірбайжан Республикасы) "Optimum Metrology Services" ЖШҚ өзінің калибрлеу зертханасын бағалауды сеніп тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бағалау 2023 жылдың 16-19 қаңтары аралығында өтті. Оның барысында "Optimum Metrology Services" ЖШҚ зертханасы "сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын "ISO/IEC 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.

ҰАО 2010 жылдан бастап ILAC – зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі ретінде шетелдік зертханаларды аккредиттеу құқығына ие. ILAC MRA белгісі бар зертханалар берген калибрлеу сертификаттары бүкіл әлемде тануды қамтамасыз етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -