Әлеуметтік желілердегі фейк: Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кедергілер

63690
Фотосурет: Анатолий Вайскопф/DW

Әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілері Жамбыл облысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін 800 метрлік Бішкек-Нарын-Торугарт қырғыз автожолын қолдануға бөгет жасайтын инженерлік қоршауларды құрып жатқаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұл учаске бойынша қозғалыс Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы келісімге (2017 жылғы 25 желтоқсаннан) сай жүзеге асады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі осы жол учаскесіне жақын жерге инженерлік қоршаулар орналастыруда. Бұл жұмыстар қазақстандық аумақта жүргізілуде.

Қойылып жатқан қоршаулар шекара режимінің бұзылуына жол бермеуге және екі жақты Келісімдердің сақталуына жағдай жасайды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар транзиттік өтуге кедергі келтірмейтінін және жол қозғалысының тоқтатылмағанын атап өткіміз келеді.

Қырғызстандық серіктестер қойылатын қоршаулар туралы алдын ала хабардар етілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -