Әлем музейлері – әлем кереметі

5308

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні аясында «Әлем музейлері – әлем кереметі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Музейлер тарихи-ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың үлгі-нұсқаларын, мәдени мұраларды зерттеп жинақтаушы, сақтаушы әрі насихаттаушы қызметін атқаруда.

Бүгінде білім ордасының Ректораты орналасқан ғимаратта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы бас музейі жұмыс істейді. Онда университеттің ғасырға жуық тарихы мен рухани мұраларына қатысты жәдігерлер, тарихи құжаттар мен фотосуреттер сақталған.

Биылғы іс-шараға негізінен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің студенттері тартылды. ҚазҰУ-дың дайындық факультеті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен келген 7000-нан аса шетелдік білім алды. Тіл үйреніп, білімін шыңдаған факультет түлектері қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде өз мемлекеттерінде, халықаралық ұйымдарда, елшіліктер, білім, ғылым саласында жемісті қызмет етуде.

Іс-шара аясында білім алушы жастар ҚазҰУ тарихы музейін аралап, өздері дайындаған «Әлем музейлерінің тарихы мен дәстүрі» тақырыбындағы бейнероликтер мен жобалардың таныстырылымын өткізді. Сонымен қатар студенттерге әлем музейлері бойынша онлайн-көрме ұсынылды.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -