Ғылыми және білім беру серіктестігі: ҚазҰУ мен Сиань Цзяотун байланыстарды нығайтады

5563

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қытайға жұмыс сапары барысында Сиань Цзяотун университетінің президенті Ван Шугомен кездеcті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сиань Цзяотун университеті 2016 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі жүздесуде тараптар меморандум аясында серіктестік бағыттарын кеңейтіп, ынтымақтастықты арттыру, студент және оқытушылар алмасу жұмыстарын жандандыру, ғылыми бағытта бірлесіп жұмыс жүргізу жолдарын талқылады.

ҚазҰУ басшысын қарсы алған Ван Шуго мырза Сиань Цзяотун университеті туралы ақпарат берді.

Оқу орны көпсалалы және зерттеу университеті болып табылады. Сиань Цзяотун университетінде тоғыз бағыт бойынша зерттеу және білім беру бағдарламалары жүзеге асып келеді. Атап айтқанда: жаратылыстану ғылымдары, инженерия, медицина, экономика, менеджмент, гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, философия, педагогика және өнер. Университет Shanghai Ranking – 2022 рейтингінде 10-орында. Бүгінде оқу ордасында 51 мыңнан астам студент білім алуда. Сонымен қатар университетте 29 институт, бакалавриат үшін түрлі бағыттағы 9 мектеп және 3 қосалқы оқу ауруханасы бар. Сиань Цзяотун университеті 300-ден астам университетпен, ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатқан. Білім ордасы «Ұлы Жібек жолы» ЖОО арасындағы альянсының бастамасын көтеріп, 37 ел мен аймақтың 160-тан астам университеті үшін білім беру ынтымақтастығы мен қарым-қатынастың халықаралық платформасын құрды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аталған альянстың мүшесі.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев университет президентіне алғысын жеткізіп, ҚазҰУ-дың жетістіктері туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

«Алдағы уақытта ҚазҰУ-ға оқуға түсетін шетелдік студенттер санын арттыру жоспарда бар. Біздің университет өзінің ғылыми және білім беру қызметін табысты жалғастырып келеді. Университет ғалымдары отандық ғылымды дамытуға өз үлестерін қосуда. Оқу ордасында 100-ден астам инновациялық жоба іске асырылды. Бүгінде оларды ілгерілету және коммерцияландыру бағытында жұмыс жүргізілуде» Жансейіт Түймебаев

Кездесу нәтижесінде тараптар аталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.

Жүздесуден соң ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Сиань Цзяотун университетінің музейін аралап, инфрақұрылымымен танысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -