Түркістан облысының Әкімі Дархан Сатыбалды бастаған Түркістан облысының делегациясы жұмыс сапарымен Чжэцзян провинциясына барды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аталған сапар барысында Түркістан облысының Әкімі Дархан Сатыбалды Чжэцзян провинциясы Халық үкіметі төрағасының орынбасары Ли Яньи, Ханчжоу қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Халық үкіметінің төрағасы Яо Гаоюань және Ханчжоу қаласы Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сунь Сюдунмен, Цзиньхуа қаласы Партия комитетінің хатшысы Чжу Чжунлимен, Цзиньхуа қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Иу қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Иу қаласы Халық үкіметінің төрағасы Е Банжуймен, Юнкан қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары және Халық үкіметінің төрағасы Ху Юнчунмен кездесулер өткізді. Аталған кездесулер барысында тараптар Түркістан облысы мен Чжэцзян провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-білім беру өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, сапар аясында Түркістан облысының Әкімі Дархан Сатыбалды Чжэцзян провинциясындағы бірқатар өнеркәсіптік, сауда және жоғары технологиялық компаниялардың басшылығымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Түркістан облысының делегациясы Орталық Азия халықаралық сауда жәрмеңкесіне және Қазақстан-Қытай (Ханчжоу қ.) сауда-экономикалық семинарына қатысты.