B2B – ең бастысы: Қазақстанның кәсіпкерлері қытайлық бизнеспен кездесуі керек

6952

«Атамекен» ҰКП елдің көмір саласын дамыту бағдарламасын әзірлеп, сондай-ақ Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен бірлесіп қытайлық кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін отандық компаниялар пулын құрады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар қорытындысы және Қытаймен ынтымақтастық перспективалары

«Атамекен» ҰКП алаңында Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің 35-ші отырысында көрші елге сапардың қорытындылары мен Қытаймен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Комитет төрағасы, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец 17-22 мамыр аралығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жұмыс сапары шеңберінде бизнес және ҰКП өкілдері Қытайға барып, көрші елдің кәсіпорындары мен бизнес-қауымдастықтар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізгенін айтты.

Сапар барысында China Metallurgical Engineering & Project Corporation, Liaoning Fangda Group Industrial Co. Ltd., Shanxi Financial Investment Holding Group Co. Ltd, Shanghai Chengyin Asset Management Co. Ltd. сынды қытайлық ірі компаниялармен жұмыс кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, қазақстандық делегация Сиань қаласында өткен «Қытай-Орта Азия» Іскерлік кеңесінің отырысына қатысты.

Қазақстандық делегация ТМК кәсіпорындарының өкілдері және Қытайдың бизнес-қауымдастықтарымен бірлесіп өткізген кездесулер шеңберінде ТМК, көмір химиясы, ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері қаралды.

«Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец ҚХР дамуының жоғары қарқынын және Қытай экономикасындағы инновациялардың жоғары үлесін атап өтті. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындарда заманауи технологияларды қолдану және жоғары өңделген ТМК өнімдерін өндірудің жабық тізбегіне ерекше назар аударылды.

«Атамекен» ҰКП төрағасының кеңесшісі Жандос Әбішев ҚХР-ға ресми сапары барысында талқыланған мәселелер туралы толығырақ айтып берді.

Атап айтқанда, «Атамекен» ҰКП сыртқы сауда палатасының атынан Қытайдың көмір өнеркәсібінің 90%-ы орналасқан Шанси провинциясы – Қытайдың көмір аймағында орналасқан Shanxi Financial Investment Holding Group Co Мемлекеттік компаниясымен келісімшартқа қол қойылды. Shaanxi Financial Investment Holding Group Co компаниясының өкілдері бірлескен жобаларға қатысуға, сондай-ақ көмір химиясы, көмірді кокстеу және көмір ЖЭО құрылысы мәселелері бойынша тәжірибелерін бөлісуге дайын.

Спикер екі ел ынтымақтастық туралы бірқатар келісім жасағанын хабарлады.

«Біз өнеркәсіп және сауда федерациясымен (Ұлттық палатаның Қытайдағы аналогы) кездесу өткіздік. Ынтымақтастық туралы келістік. «Инфи» компаниясымен сирек және жерде сирек кездесетін металдар бағдарламасын бірлесіп әзірлейтін боламыз. Жетекші шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми орталықтар құру туралы ұсыныс премьер-министрдің қолдауына ие болды. Сондай-ақ, қара металлургия кәсіпорындарының желісін – темір өндірісінің сатысын айналып өтіп, темірді тікелей қалпына келтіруді дамытатын боламыз. Келесі аптада біз Өнеркәсіп және сауда федерациясымен конференция өткізіп, қазан айында қол қоюды жоспарлап отырған бірлескен келісімдерді жасай бастаймыз. Сонымен қатар, Қытай ТМК қауымдастығымен келісімге қол қоямыз» Жандос Әбішев
«B2B – ең бастысы Қазақстанның кәсіпкерлері қытайлық бизнеспен кездесуі керек. Тиісті қытайлық компаниялармен перспективалы жобалардың тізімін әзірлеу өте маңызды» Жандос Әбішев

Қазақстанның көмір өнеркәсібін дамыту перспективалары

Комитеттің күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – Қазақстанның көмір өнеркәсібін дамыту перспективасы болды. Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығынң атқарушы директоры Н. Радостовц көмірдің электр энергиясын өндіру және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қолдау үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, электр қуатының тапшылығы және халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың газбен жеткіліксіз қамтамасыз етілуін ескере отырып, ҚР Үкіметінің «Жасыл» күн тәртібінің нысаналы көрсеткіштерін қайта қарау ұсынылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі Жандос Әбішев Қазақстанда көмір өнеркәсібін дамытудың маңызын атап өтті.

«Бұл біздің зор әлеуетіміз. Еліміздің көмір саласын дамыту бағдарламасын әзірлеу қажет. Осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз» Жандос Әбішев

Сонымен қатар, отырыс барысында тау-кен металлургия кешенінің өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау мәселелері; жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа механимздері; геологиялық барлау саласын дамыту перспективалары талқыланды. Жоғарыда аталған мәселелерді ҚР премьер-министрі жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесінің қарауына шығару жоспарланған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -