APAC бағалауы: Қазақстан сапаны жаһандық мойындау жолында

6427

2023 жылғы 27 мамыр мен 5 маусым аралығында біздің елімізде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының қызметін ISO/IEC 17011, ISO/IEC 17065, ISO/IEC 17024, ISO/IEC 17021 және басқа халықаралық стандарттарына сәйкестігін бағалау міндеттері кіретін АРАС-аккредиттеу жөніндегі Азия - Тынық мұхиты ынтымақтастығының сарапшы бағалаушылары сапармен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бағалау ҰАО үшін 2010 жылдан бастап АРАС мүшесі ретінде жоспарлы болып табылады. Бірлескен жұмыс барысында Индонезия, Малайзия, Пәкістан, АҚШ және Шри-Ланканың халықаралық сарапшылары күндізгі-сырттай форматта қазақстандық бағалаушылардың Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында аккредиттеу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауы кезінде олардың жұмысын бақылау арқылы ҰАО-ға куәлік бағаларын жүргізеді.

Кіріспе кеңесте шетелдік сарапшылар тобын қарсы ала отырып, ҰАО Бас директоры Талғат Момышев Қазақстан Орталық Азияда және бүкіл кеңестік үкіметтен кейінгі кеңістікте экономикалық көшбасшы болып табылатынын, ал ҰАО – ел үкіметі айқындаған сәйкестікті бағалау саласындағы жалғыз мемлекеттік орган екенін атап өтті. Қазақстан басшылығы әлемдік қоғамдастықпен сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық байланыстарды кеңейту және нығайту, қазақстандық өнімді экспортқа жылжыту, ел ішінде еркін және қауіпсіз тұтыну үшін зор күш-жігер жұмсайды.

Оценка Азиатско-Тихоокеанского сотрудничества по аккредитации АРАС: Казахстан в сообществе мировых лидеров качества

«Бұл жолдағы табыстың негізгі шарттары өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі болып табылады. Қазақстанды АРАС сияқты танымал және беделді халықаралық алаңда таныстыра отырып, ILAC және IAF - тың толыққанды мүшесі бола отырып, ҰАО осы ұйымдардың басымдықтарын толығымен бөлісуге, оларда қабылданған талаптарға сай болу үшін өз қызметін үздіксіз жақсартуға ұмтылады» Талғат Момышев

АРАС сарапшылары мен бағалаушылары мен ҰАО-ны бірлескен жұмыс апталығы күтіп тұр, оның барысында аккредиттеу жөніндегі орган сертификаттау, менеджмент жүйелері, медициналық, сынақ, калибрлеу зертханаларының және басқалардың қызметін бағалау саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен сәйкестікті растаудан өтуі тиіс.

Оценка Азиатско-Тихоокеанского сотрудничества по аккредитации АРАС: Казахстан в сообществе мировых лидеров качества

«AРAC мақсаты – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы аккредиттеу органдарының жұмысын біріздендіру мен үйлестіруді қамтамасыз ету және біз Қазақстанға ISO/IEC 17011 және басқалар талаптарына сәйкестігіне объективті баға беруге тырысамыз» Радж Натан, AРAC сараптама тобының жетекшісі

Сапар қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар кейіннен олардың іске асырылуын бағалай отырып, ҰАО үшін жақсартулар тізбесін қалыптастырады.

Осылайша, халықаралық аккредиттеу жүйесінің бүкіл вертикалында оларды біркелкі қолдану және әлемдік ауқымдағы алшақтықтарды болдырмау мақсатында халықаралық ISO стандарттарына сәйкес аккредиттеу органдары жұмысының сапасы қамтамасыз етіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -