БҰҰ БЖҚБ және Қазақстан: жаһандық проблемаларды шешудегі ынтымақтастық

5024

Мамырдың 29-ы күні Maqsut Narikbaev University-де БҰҰ БЖҚБ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Әдебиет бұрышының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әдебиет бұрышының басты мақсаты – босқындар мен азаматтығы жоқ адамдар мәселесіне назар аударту. Қақтығыстар, адам құқықтарының бұзылуы және табиғи апаттар салдарынан миллиондаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр. Сондықтан қазіргі жаһандық жағдайға байланысты қоғам мұндай күрделі мәселелерден хабардар болуы және олардың ауқымын түсінуі маңызды.

БҰҰ БЖҚБ Азия және Тынық мұхиты бойынша аймақтық кеңсесінің директоры Индрика Ратватте Қазақстан Үкіметі мен Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы арасындағы ынтымақтастық сенімді әрі берік екенін атап өтті. Бұл ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып, босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды тиімді қорғау мен қолдауда шешуші рөл атқарады.

«Бүгін менің осы шарада болуыма бірнеше маңызды себептер әсер етті. Біріншіден, біз Қазақстан Үкіметі мен Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасы арасындағы сенімді және берік ынтымақтастықтың куәсі болып отырмыз. Екіншіден, БҰҰ БЖҚБ жұмысы гуманитарлық мәселелерді шешуден босқындарға көмек көрсетіп, жаһандық деңгейде азаматсыздық мәселесін шешуге ауысуда. Осы тұрғыда мен Қазақстан Үкіметінің босқындарға көмек көрсету және аймақтық деңгейде азаматтығы жоқтық мәселелерін шешу мәселелеріне ерекше назар аударатын прогрессивті көзқарасын ерекше бағалаймын. Үшінші себеп – азаматтық қоғаммен, ғылыми және академиялық ортамен серіктестік. Бүгін біз мұнда Қазақстанның және одан тысқары елдердің ғылыми қауымдастығымен нығайып келе жатқан байланысты көріп отырмыз. Бұл серіктестік азаматтығы жоқтық мәселесіне көмектесу мен шешуде, сондай-ақ босқындарды қолдауда және адам құқықтарын қорғауда жоғары рөл атқарады» Индрика Ратватте

Ол БҰҰ БЖҚБ-нің Қазақстандағы өкілі қызметін атқаратын Ханс Шоддер мырзаға, сондай-ақ БҰҰ БЖҚБ бастамасын қолдағаны үшін MNU университетіне алғысын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -