Испания Қазақстандағы саяси процестерге қызығушылық танытуда

4309

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Элькано Корольдік институтының президенті Хосе Хуан Руиcпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси күн тәртібіне тоқталған Елші елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Х.Х. Руис жетекші аналитикалық орталықтың сарапшылары қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ ғылыми және практикалық тақырыптарды бірлесіп зерттеуді бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат бұл мақсаттарға қол жеткізуге жан-жақты көмек көрсетуді ұсынды.

Тараптар жақын арада Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайына арналған бірлескен іс-шара өткізуге келісті.

«2020 Global Go to Think Tanks Index Report» зерттеуі бойынша, 2020 ж. халықаралық қатынастар саласындағы маңызды еуропалық институттар арасында брюссельдік «Bruegel»-ден кейін Элькано Корольдік институты екінші орын алған. Пенсильвания Университетінің мәліметтеріне сүйенсек, ЭКИ әлемдік рейтингте 11-ші орында. Сонымен қатар, институт көптеген жылдар бойы Испаниядағы талдау орталықтары арасында көшбасшы болып келеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -