Мәдениет көпірі: «Тұран» қазақ ансамблі неміс жұртшылығының жүрегін жаулап алды

2771

Қазақстан Республикасының Гессен федералдық жеріндегі Мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасы «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымымен бірге ұйымдастыруымен «Тұран» қазақ этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Германиядағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев Қазақстан мен Германия арасында белсенді, сенімді саяси диалог, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ белсенді мәдени байланыстар жоғары дәрежеде екенін атап өтті. Дипломатиялық миссия басшысының айтуынша, Қазақстан мәдениеті Германия мен Еуропада кеңінен танылған. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат, екі ел арасындағы өзара дипломатиялық, саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың осы елдегі этникалық қазақстандық немістердің және германияда бұрыннан тұрып келе жатқан отандастардың ерекше бір берік «өмір көпірі» іргетасына айналғанын, атап өтті.

Германияның Гессен федералдық жерінің билігі атынан сөз сөйлеген Федералдық үкіметпен байланыс және Еуропа істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Уве Беккер мырза Қазақстан Германия үшін Орталық Азия аймағындағы сенімді серіктес екенін және Қазақстанның өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуында үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, дипломатиялық қарым-қатынастың барлық кезеңінде елдер арасында ортақ құндылықтарға негізделген сенімді және өзара тиімді қарым-қатынастар орнаған.

Концерттік бағдарламада қазақ және халық композиторларының шығармалары орындалды. Сахнада неміс жұртшылығын «Тұран» ансамблінің орындауындағы – жетіген, қобыз, сазсырнай, шаң қобыз, қылқобыз және т.б., ұлттық аспаптардың нәзік үндері таң қалдырды.

«Тұран» ұлттық мәдени құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан еліміздің музыка өнеріндегі таңдаулы өнерпаздарының бірі болып табылады. Өзінің негіз тасын қалағаннан бергі 15 жыл ішінде ансамбль әлемнің 70-тен астам елінде өнер көрсетті. Музыкалық ұжымның негізгі мақсаты – қазақ халық өнерін кеңінен насихаттау, музыкалық өнердің фольклорлық түрлерін көрсету арқылы жастардың музыкалық мәдениетін дамыту. Олар өз шығармашылығында екі жанрды, яғни симфониялық және халықтық музыканы біріктіре алды.

Қазақстанның мәдениет күндеріне арналған концерт үлкен қошеметпен аяқталып, Германияның қаржы орталығының тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -