Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Минскідегі әскери парадқа қатысты

1639
Фотосурет: Gov

Беларусь еліне Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен барған қазақстандық делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz

Маңызды оқиға – "Минск – батыр қала" ескерткіш бағанасының маңында өткен әскери шеру болды.

Сапар аясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Беларусь Республикасының Әскери академиясында, Беларусь мемлекеттік авиация академиясында оқитын қазақстандық курсанттармен және әскери шеруге қатысатын ҚР Қарулы күштерінің ту ұстаушыларымен кездесті.

Бұдан өзге, қазақстандық әскери қызметшілер "Дукорский Маентак", "Дудудки" этноауылдарына, Беларусь Қарулы күштері Офицерлерінің орталық үйіне, Ұлы Отан соғысы тарихы мұражайына және "Хатынь" мемориалдық кешеніне барды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -