Мысыр – Қазақстан үшін Африкаға қақпа: инвестициялық перспективалар

1139
Фотосурет: Gov

Мысыр Араб Республикасының 25-тен астам өкілі 8-9 маусымда Қазақстан астанасында өтетін бірінші Астана халықаралық форумына қатысатынын растады. Айта кету керек, Мысыр делегациясының құрамы олардың қай-қайсысы да кез келген маңызды іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысатын деңгейде, олар – Халықаралық ынтымақтастық министрі Рания әл-Машат, штаб-пәтері Каирде орналасқан Араб мемлекеттері лигасының басшылығы, Таяу Шығыстағы ірі мысырлық жеке компаниялардың басшылары.

Министр Рания әл-Машат – ұзақ уақыт Вашингтондағы Халықаралық валюта қорында жұмыс істеген, әлемдік деңгейде танымал экономист. Сонымен қатар, үкімет мүшесі ретінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағасы қызметін атқарады, экономикалық саясаттың жүйелі шараларының және Қазақстанмен белсенді өзара іс-қимылды қолдаудың жақтаушысы болып табылады.

АХФ-ға шақырылған беделді қатысушылардың арасында Мысырдың инвестицияларды тарту және еркін экономикалық аймақтар жөніндегі ұлттық агенттігінің (GAFI) орынбасары доктор Ахмед Корай және инвестицияларды тарту жөніндегі бас менеджер Айя Фуад бар. Олардың инвестициялық саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуы өте маңызды, өйткені 2016 жылдан бастап Мысыр экономикалық реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруда. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы тікелей шетелдік инвестицияларды тарту арналарын кеңейту мәселелеріне үлкен мән беріледі.

Араб мемлекеттері лигасы Бас хатшысының орынбасары, Елші Әбдел Хусейн Мұхаммед Әли мен АМЛ Бас Хатшылығының Экономикалық байланыстар департаментінің директоры доктор Ахмед Шабанидің қатысуы жоғары бағаға лайық әрі АХФ-ке халықаралық қызығушылықтың сапалы көрсеткіші болып табылады.

Астана халықаралық форумының жұмысына ірі жеке қаржы және өндірістік компаниялардың өкілдері болып табылатын Forbes әлемдік тізіміндегі мысырлық миллиардерлердің қатысуы олардың қазақстандық бизнесмендермен нарыққа шығу және инвестициялық жобаларды ілгерілету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін көрсетеді. Осылайша, АХФ-ға қатысу үшін Каирден Астанаға келген мысырлық компаниялардың арасында Африка континентіндегі ірі банктердің бірі «African Export-Import Bank» делегациясы, «Contact» қаржылық холдингінің басшысы Ауад Алаеддин, «Raya» инвестициялық холдингінің негізін қалаушысы әрі басшысы Медхат Халил, Халықаралық фармацевтикалық өнеркәсіп компаниясы (EIPICO) директорлар кеңесінің төрағасы әрі Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Келани, «Solyphar» фармацевтикалық компаниясының бас директоры Омар Мұхаммед Абделалим Мұхаммед, «Bioenergy» компаниясының басшысы Махмуд Галал және «ITRAVEX» компаниясының басшысы Мұхаммед әл-Сабки бар.

Мұның бәрі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын айғақтайды және Форумның жұмысына қатысатын барлық елдердің игілігі үшін табысты әрі нәтижелі болатынына сенімділік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -