Қазақстан және ЕҚЫҰ: халықаралық қауіпсіздіктің заманауи архитектурасын салу

1514
Фотосурет: Н.Байбулин

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында бұл сапардың маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ ол біздің еліміз ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздіктің заманауи келбетін қалыптастыруға белсенді қатысып келе жатқан маңызды институт ретінде қарастыратынын жеткізді.

«Қазақстан ЕҚЫҰ-мен барлық негізгі бағыт бойынша нәтижелі қарым-қатынас орнатты. Сенат үшін парламентаралық ынтымақтастық басымдыққа ие. Біз ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен байланысты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Парламенттік Ассамблея халықаралық деңгейде қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қатысты негізгі міндеттерді шешу жолында зор мүмкіндікке ие екені сөзсіз» Мәулен Әшімбаев

Сонымен қатар кездесуде көлік және логистика, климаттың өзгеруі, экология, су ресурстарын басқару сияқты бірқатар өзекті мәселе әңгімеге арқау болды.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылу барысына да тоқталып, мұндай өзгерістер еліміздің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалыптастыратынын айтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -