Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды

8921
Фотосурет: nationalbank.kz

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы құрылды. Басты мсақсат – Қазақстан, Армения, Азербайджан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан сынды 9 елде экономикалық әлеуетті дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңірлік орталықты құруға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан мен Грузия да үміткер болды. 2019 жылдың қазан айында қорды Алматыда ашу туралы шешім қабылданды. 

Алматыдағы кеңсе өңірдегі бірінші әрі адами әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының шоты бойынша 17-ші орталық болып саналады.

Қала әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, орталық құру қатысушы елдер арасында білім алмасуға, өңірдің экономикалық әлеуеті мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -