Қазақ даласының ұлы тұлғалары: Мадрид Абай Құнанбаевтың мұрасын талқылайды

3047

Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі «Азия Үйімен» («Casa Asia», Испания СІМ-нің ведомстволық бағынысты ұйымы) бірлесіп, ұлы ақын, философ, сазгер, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыға арналған «Қазақ даласының ұлы тұлғалары: Абай Құнанбайұлы» конференциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев, сондай-ақ «Casa Asia Madrid» директоры Эмилио де Мигель қатысушыларға алғы сөз сөйледі.

Конференция барысында академик және Real Sociedad Económica Matritense de Amigos del País дипломатия және азаматтық қоғам форумының директоры Хосе Луис Изагирре баяндама жасады. Өз сөзінде ұлы қазақ жазушысының мұрасын атап өтіп, оның шығармашылығымен танысу туралы өз әсерімен бөлісті. Х.Изагирре қазақ ойшылы еңбектерінің ішінде «Жаз» өлеңін, сондай-ақ «Абайдың Қара сөздері» атты іргелі шығарманы айрықша ескеріп, олардың үзінділерін испан тілінде оқып шығарды.

Іс-шараның жалғасында қазақ диаспорасының өкілі Аида Тұрғанбаева барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырған әйгілі «Көзімнің қарасы» өлеңін орындады.

Кездесу аясында Абайдың қазақ әдебиетін, ағартушылық қызметі мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -