АХҚО және КХҚО: қаржылық инновациялардың болашағы

4510

Орталық Азиядағы жетекші қаржы орталығы АХҚО және Африкадағы ең заманауи әрі перспективалы қаржы орталықтарының бірі «Кигали» халықаралық қаржы орталығы (КХҚО) екі ел үшін жаңа әріптестік пен ынтымақтастықтың басталуын білдіретін өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл келісім қаржы қызметтері, активтерді басқару, тұрақты қаржыландыру, сақтандыру және технологиялар сияқты негізгі салалардағы екі қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастықтың негізін қалады.

Серіктестік сондай-ақ тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында ақпарат және сараптамалық білім алмасуға жәрдемдесуге бағытталған. Екіжақты жұмыс бірлескен білім беру және кәсіби қаржылық даярлық бағдарламаларын, зерттеулерді, практикалық жұмыстарды, сондай-ақ жарияланымдар мен іскерлік кездесулерді ұйымдастыруды қамтиды. Бұл бағыттағы негізгі міндет техникалық қолдау, іскерлік кездесулерді ұйымдастыру және қаржы орталықтарын дамыту саласындағы озық тәжірибелермен алмасу арқылы әлеуетті арттыру болып табылады.

«Біз Африкадағы халықаралық инвестициялар мен трансшекаралық операциялар үшін қаржылық бағытты дамыту бойынша жетекші қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастағанымызға қуаныштымыз. Қол қойылған өзара түсіністік туралы келісім инновацияларды ілгерілету, қаржы секторында жаңа технологияларды пайдалану, сондай-ақ Орталық Азия мен Африка арасындағы әртүрлі финтех жобаларды дамытуда байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді» АХҚО Әкімшілігі Басқарма төрағасының м.а. Темірлан Мұханбетжанов

Бұл келісім жасыл және тұрақты қаржыландыру, ESG қағидаттары, жасыл облигациялар нарығы, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, тұрақты және жауапты инвестициялар сияқты бірқатар негізгі мәселелер бойынша үздік тәжірибелер алмасуға ықпал етеді.

«Өзара түсіністік туралы келісім жасасу «Кигали» халықаралық қаржы орталығының басқа әлемдік қаржы орталықтарымен, атап айтқанда АХҚО-мен байланысын нығайтудағы маңызды кезеңі болып табылады. Бүгін біз ақпаратпен, тәжірибемен алмасу және негізгі салаларда әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін кеңейтетін ынтымақтастығымызды тереңдетудің көптен күткен кезеңін көріп отырмыз. Біз инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және екі ел үшін қосымша мүмкіндіктерінде экономикаларымызға үлкен пайда әкелетін жұмыстың басталуын асыға күтеміз» Rwanda Finance Limited компаниясының басқарма төрағасы Ник Баригье

Өзара түсіністік туралы келісімге қол қою «Кигали» халықаралық қаржы орталығының тағы бір жетістігі болып саналады, ол панафрикалық инвестициялар үшін жетекші халықаралық қаржы орталықтарының бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда және халықаралық нарықтар үшін ашықтық қағидаты мен реттеудің сенімді стандарттарына сүйене отырып, тартымды, талаптарға сай сенімді орталық болып қалуға ұмтылады. 

  • Қол қою тараптары АХҚО Әкімшілігі Басқарма төрағасының м.а. Темірлан Мұханбетжанов және Rwanda Finance Limited компаниясының басқарма төрағасы Ник Баригье болды.
  • Өзара түсіністік туралы келісім қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық пен қолдаудың іскерлік шеңберін белгіледі.
  • Өзара түсіністік туралы келісім екі ұйымның капитал нарығы, активтерді басқару, сақтандыру/қайта сақтандыру, финтех, қаржы нарықтарын зерттеу және өсу стратегиялары сияқты салалардағы ынтымақтастығын күшейтеді.

Қаржы орталықтары сонымен қатар жасыл және тұрақты қаржыландыру, ESG принциптері, жасыл облигациялар нарығы, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, тұрақты және жауапты инвестициялар бойынша ақпарат алмасуға ықпал етуге назар аударады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -