Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar Creative centre креативті хабының өкілдері, есту қабілеті шектеулі «Sensitive» бишілер театры Қытайда өткен «Тяньцзинь кестелері – 2025» атты II Халықаралық байқау-фестивалінде үш Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Байқауға Қытай Халық Республикасы, Чехия, Моңғолия, Болгария, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам өнерпаз қатысты.
Қазақстандық ұжым бірнеше номинация бойынша үздік деп танылды. Атап айтсақ, «Халық стиліндегі би», «Заманауи хореография» және «Оригинал жанр».
Айта кетейік, «Sensitive» есту қабілеті шектеулі бишілер театрына 18 жыл толды. 2024 жылы ұжым облыстық креативті хабтың резиденті атанып, креативті секторда ерекше қажеттіліктері бар жандарға жағдай жасаумен айналысып келеді.