Қазақстандық самбодан Әлем кубогында алтын жеңіп алды

24277

2023 жылдың 23-24 қыркүйегінде Сербияда күрестен әлем чемпионатымен қатар, Нови Сад қаласында да спорттық және жауынгерлік самбодан Әлем кубогы өтті. Спорттық самбодан жарыс келесі салмақ дәрежесінде: ерлер: 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг., әйелдер: 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг. Ал жауынгерлік самбодан өтетін біріншілікте: 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг. Бұл 2023 жылы Халықаралық күнтізбедегі екінші Әлем Кубогы. Бірінші кезең тамыз айында Қырғыз Республикасында өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл жарыстарға Армения, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланды, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия, Швейцария және елдің т.б. командалары қатысты.

Қазақстан Республикасының құрамасы атынан ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысты. Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаев 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спорттық самбодан чемпион атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Еламан – халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы және жүлдегері. Жақында 2023 жылдың тамызында ол Беларуссиядағы ТМД елдері арасындағы II ойындарда 3-ші орынға ие болған еді. Осындай жарыстарға қатысу арқылы Еламан өзінің спорттық шеберлігінің деңгейін арттырады және құрлықтық және әлемдік ауқымдағы жарыстарда баға жетпес тәжірибе жинақтайды.

Мені әркез қолдап жүретін жаттықтырушыларым мен туыстарыма өз атымнан рахмет айтамын. Сондай-ақ осындай дәрежедегі жарыстарда еліміздің атынан өкілдік ету мүмкіндігі үшін Ұлттық ұланның қолбасшылығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, Олар маған Қазақстанды халықаралық аренада танытуға үнемі мүмкіндік береді. Бұл маған спортшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуге көмектеседі және үлкен тәжірибе. Ұландық қатардағы Еламан Қойшыбаев

Айта кетейік, оның әріптесі Ғазиз Бейбіт – Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі де тұғырға көтеріліп, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спорттық самбодан қола жүлдегер атанды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -