Мьянма Премьер-министрі зілзаладан кейінгі қолдауы үшін Тоқаевқа алғысын білдірді

1419
Фотосурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысы ең алдымен Премьер-министр Мин Аун Хлайнға жуырда Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет әрқашан өзара құрмет пен сенімге негізделген достық қарым-қатынастарды сақтап келе жатқанын атап өтті.

Кездесуде сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейтуге жол ашатын мол әлеует бар екені айтылып, саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайту перспективасын зерделеу мәселесі қарастырылды.

Қазақстан Президенті бизнес қауымдастық өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастырып, экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беруді ұсынды.

Мьянма Премьер-министрі осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, кездесуде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік-логистика салаларында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -