Күміс жылтырлығы: Күзетші медальді Сербиядан алып келді

6798
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2023 жылдың 23-24 қыркүйек аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан  Әлем Кубогы аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Спортшылар 21 салмақта бақ сынасты, оның ішінде спорттық самбодағы 7 санаттағы ерлер мен әйелдер бойынша, ал жауынгерлік самбо бойынша да ерлер арасында да 7 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Мәселен, жауынгерлік самбодан 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Арман Тұрымбетов Әлем кубогының екінші орнына иемденіп, вице-чемпион құрметті атағына ие болды.

Бұл Әлем Кубогы жақын арада Арменияда өтетін Чемпионат алдындағы соңғы жауынгерлік дайындық болды.

Халықаралық самбо федерациясы алдағы уақытта барлық жерде жыл сайын Әлем кубогын өткізуді жоспарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстан құрамасының құрамында Ұлттық ұланның басқа да әскери қызметшілері қатысқан болатын, олар – Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгері Ғазиз Бейбіт 71-ге дейінгі салмақ дәрежесінде спорттық самбодан қола жүлдегер атанды, ал халықаралық дәрежедегі спорт шебері қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев спорттық самбо бойынша 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Маған сенген халқыма, отбасыма және Ұлттық ұландықтарға алғыс айтамын. Менің осындай дәрежеге жетіп, нәтиже көрсетуіме атсалысқан менің жаттықтырушыларыма рахмет. Жоғары дәрежелі жарыстарға біздің еліміздің атынан қатысу – мен үшін мақтаныш және абырой. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан басшылығына алғысым шексіз,  олар үнемі халықаралық аренада өтетін жарыстарға қатысатын спортшыларға қолдау көрсетіп отырады. Келесі жолы алтынмен ораламын деп уәде беремін Арман Тұрымбетов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -