Ханчжоудағы Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орын иеленді.
Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.
«Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі» Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев