Цифрлық трансформация: Қазақстан өнеркәсіпті роботтандыру жолында

8228

INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық көрме барысында цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу алаңы ашылды. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, сондай-ақ ұлттық мекемелер мен IT-компаниялардың өкілдері өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау технологияларын қарастырып, екі елде Индустрия 4.0 енгізу кейстерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Индустрияландыру мен технологиясыз экономикалық өсу мүмкін емес, менің ойымша, бұл аксиома. Сонымен қатар, технологияның өмірдің барлық салаларына жылдам енуі цифрлық экономиканы құрудың алғышарттарын жасады. Өнеркәсіптік революция немесе Индустрия 4.0 бүкіл әлем елдеріне экономикалық өсудің әсерлі қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік берді» Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Динара Щеглова

Бүгінгі таңда Қазақстанда цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары үлесінің өсу серпіні байқалады.

60-тан астам кәсіпорын үшін цифрлық стратегиялар әзірленіп, 200-ден астам шешім ұсынылды, олардың 30-ы өндірістерде енгізілуде. Сонымен қатар, басшылардың, топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру үшін Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша оқыту іс-шаралары жүргізілуде.

«Өнеркәсіптік роботтарды пайдаланатын ҚР-дағы ең танымал салалар – автомобиль өнеркәсібі, электроника және электротехника, металл өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі» Динара Щеглова

Қазақстанда Индустрия 4.0. енгізуге жетекшілік ететін институт «QazIndustry» АҚ болып табылады. Цифрлық трансформация дирекциясының басшысы Алмас Мұқашевтың айтуынша, бүгінде елімізде ұлттық өнеркәсіпті роботтандыру тұжырымдамасы әзірленуде.

«Қазіргі уақытта өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, біз өнеркәсіптік кәсіпорындарымызға талдау жүргізіп жатырмыз. Роботтың тығыздығы яғни 10 мың адамға 1 робот есептелетін көрсеткіш бар. Өткен жылдар туралы айтатын болсақ, ол 1,5-2% құрады. Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда бұл көрсеткіш 10 мың адамға 4 роботты құрады. Статистика бойынша қарасақ, біз екі есеге өстік» Алмас Мұқашев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -