Euler Hermes және Қазақстан: қаржы саласындағы стратегиялық альянс

5687
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде қаржылық сақтандыру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу және оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Euler Hermes агенттігінің Қазақстан үшін маңызды серіктес екеніне назар аударды. Компания кредитті сақтандыру ісінде жаһандық көшбасшы саналады және кешенді қаржылық шешімдер жасайтын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – Allianz Group  тобының құрамына кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан даму банкі мен Helaba банкі арасында Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Аталған келісімге сәйкес  AltynAlmas Reagents компаниясының цианид натрий өндіретін химиялық зауытының құрылысына 100 миллион евроға дейін қаржы бөлу қарастырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -