2025 жылғы 25 мамырдағы жер сілкінісі: не болды және дүмпулер кезінде қалай әрекет ету керек

1507
Фотосурет: ТАСС/EPA/AMMAR

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 25 мамырда Астана уақытымен 07 сағат 35 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Ресей шекарасында Алматы қаласынан  солтүстік-шығысқа қарай 1162 км. жерде орналасқан, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер
Өскемен қ. -  2 б.
Қатон-Қарағай а. - 2 б.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

ТЖМ жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік үшін алдын ала ойластырылуы тиіс 10 қарапайым қадамды еске салды:

 1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
 3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
 4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
 6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
 8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
 9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
 10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -