Алматыда эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты басталды
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында эстетикалық топтық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен IFAGG Trophy 2023 ашылды.
Әлемдік жыл сайынғы біріншілік Алматы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мен Азияда алғаш рет өтуде.